Евгений Постников: Жеңіс жолына қайта оралуға деген құлшыныс өте жоғары болды

Евгений Постников: Жеңіс жолына қайта оралуға деген құлшыныс өте жоғары болды

«Астана» Премьер-Лиганың уақыты өзгертілген туры аясында сырт алаңда павлодарлық «Ertis» командасына қарсы ойнап, 4:0 есебімен тас-талқан етті.

Ойын соңында елорда командасының қорғаушысы Евгений Постников клубтың баспасөз қызметіне кездесу туралы пікірімен бөлісті:

- Екі жеңілістен кейін, жеңіс жолына қайта оралуға деген құлшыныс өте жоғары болды. Команда құрамындағы барлық жігіттер мақсатқа жету жолында барынша тырысты. Нәтижесінде маңызды жеңіске қол жеткіздік.

- Павлодарға келген жанкүйерлер қолдауын сезіне алдыңыздар ма?

- Жанкүйерлер бізді әрдайым қолдап келеді. Олардың саны аз болғанымен, біз әрдайым олар үшін ойнаймыз және қолдауын анық сезіндік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или