«Аякс» 34-ші рет Нидерланды чемпионы атанды
«Аякс» Нидерланды чемпионатының соңғы турында «Де Графсхапты» 4:1 есебімен жеңіп, ел чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Амстердамдық клуб екінші орындағы ПСВ-дан үш ұпайға озып, өз тарихында 34-ші рет алтын медаль иеленді. Команда 2013/14 жылғы маусымнан бері біріншіліктің алтын жүлдесін иелене алмай келген еді.
Айта кетейік, «Аякс» биылғы маусымда ел Кубогын да жеңіп алды. Ал Чемпиондар лигасында команда жартылай финалға дейін жеткен болатын. Бірақ лондондық «Тоттенхэмнен» соңғы минутта гол жіберіп, финалға шыға алмай қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или