Сергей Климов: Тығыз ойын кестесіне дайын болмай шықтық
«Ертіс» - «Астана» (0:4) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін, павлодарлық команда бас бапкерінің міндетін атқарушы Сергей Климовтың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Дәл бүгінгідей ойыннан кейін пікір білдіру өте қиын. Команда құрамында 8 ойыншының әртүрлі жарақаты бар. Өкінішке орай, біздің команда дәл осындай тығыз ойын күнтізбесіне дайын болмай шықты. 12 күнде 5 ойын өте көп. Біз тіпті қалыпқа келіп үлгермегендіктен, қорғаныс шебіне әртүрлі байланыстарды қоюға мәжбүрміз.

- Алдағы «Қайратқа» қарсы кездесуде алматылық клубтан жалға алған футболшылар алаңға шыға ала ма?

- Жоқ. Дегенмен, жарақат алған ойыншылар қатарға қосылып үлгереді деген үміттемін. Витас пен Фонсека «Қайратқа» қарсы кездесуде бізге көмектеседі деп сенемін.