Еуропа лигасының финалында VAR жүйесі қолданылады

Еуропа лигасының финалында VAR жүйесі қолданылады

УЕФА осы маусымда Еуропа лигасының финалында VAR жүйесі қолданылатынын растады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Турнир тарихында алғаш рет осы технология қолданылмақ. Бұған дейін VAR жүйесі осы маусымда Чемпиондар лигасының плэй-офф кезеңінен бастап қосылған еді.

Айта кетейік, Еуропа лигасының финалында лондондық «Арсенал» мен «Челси» күш сынасады. Матч 29 мамырда Бакудегі «Олимпийский» стадионында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или