«Астана» «Ертісті» аямады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызФутболдан Қазақстан Премьер-лигасы 19-турының бір матчы ертерек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Павлодарлық «Ертіс» өз алаңында «Астананы» қабылдаған. Соңғы екі турда жеңіліп қалған елордалықтар алаң иелерінің қақпасына жауапсыз төрт гол тоғытты.
Үзіліске дейін Джуниор Кабананга есеп ашқан. Екінші таймда Марин Томасов дубль жасап, есепті 3:0-ге жеткізді. Ал кездесудің аяғына қарай Рангело Янга матчтың нүктесін қойды. Қорытынды есеп – астаналық клубтың пайдасына 4:0.
Осылайша, «Астана» 12 матч өткізіп, 28 ұпаймен көшбастап тұр. Бірақ команда негізгі бәсекелестерінен екі матч артық ойнады.
Ал Премьер-лигада соңғы 7 матчтың алтауында ұтылған «Ертіс» 9 ұпаймен 11-ші орында келе жатыр.
Қазақстан Премьер-лигасы. 19-тур
«Ертіс» - «Астана» 0:4 (0:1)
Голдар: Кабананга 40, Томасов 63, 85, Янга 90