Коутиньо мадридтік командаға ауысуға әзір
Каталондық «Барселона» мен мадридтік «Атлетико» Филиппе Коутиньо мен Антуан Гризманнды ауыстыру жайлы бір шешімге келуге жақын.
Don Balon басылымының мәліметінше, «Барселонаның» ойыншысы Филиппе Коутиньо команда ауыстыруға әзір екенін айтқан.
Айта кетейік, биылғы маусымда Коутиньо каталондық клубтың сапында 53 матчқа қатысып, 11 гол соққан. Дегенмен бразилиялық футболшы клуб басшылығы мен жанкүйерлердің көңілінен шықпай отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или