«ТМД елдерінің Мессилері». Сейдахмет ерекше тізімге енді

«ТМД елдерінің Мессилері». Сейдахмет ерекше тізімге енді

The Sun газеті «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессимен салыстырған әлемдегі футболшылардың ерекше тізімін жасаған болатын. Ресейлік «Спорт-Экспресс» ТМД елдеріндегі «жаңа Месси» аталған футболшыларды еске түсірді.

- 19 жасар футболшыны «Таразда» ойнап жүргенде-ақ аргентиналық футболшыға ұқсататын. Сейдахметтің дриблингі, шеберлігіне қарап журналистер оны болашақ Мессиге балаған болатын. Өткен жылы «Уфаға» ауысқан футболшы жарақатының кесірінен ашыла алмады. Ал үш ай бұрын «Левскиге» жалға берілді. Енді, міне, болгар басылымдары Еркебұланды «жаңа Мессиге» балап жүр, - деп жазды ресейлік басылым.

Бұл тізімге Еркебұлан Сейдахметтен бөлек Кристапс Грабовскис (Латвия Мессиі), Элдор Шомуродов (Өзбек Мессиі), Арас Езбилис (Армян Мессиі), Эрбол Атабаев (Қырғыз Мессиі), Гиорги Арабидзе (Грузия Мессиі), Нихат Ахмедзаде (Әзірбайжан Мессиі), Парвизджон Умарбаев (Тәжік Мессиі), Алексей Карась (Украин Мессиі), Денис Давыдов (Орыс Месииі) енген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или