Юсуп Шадиев: Бүгінгі «Қайратта» көшбасшы жоқ
Қазақстан футболының ардагері Юсуп Шадиев «Қайраттың» соңғы кездегі сәтсіз нәтижелері жайлы өз ойын білдірді.
- Әрине, <span>«Атыраудан» жеңіледі деп ойлаған жоқпын. Тым болмаса, бір ұпай алып кету керек еді. «Ордабасы», «Қайсар», «Тобыл» жүлделі орындарға таласады. Бұларды қуып жетуге «Қайраттың» шамасы келе ме, ол бір сұрақ. Команданың іргетасын қалап, келесі маусымдарда чемпиондыққа таласуға дайындық ретінде, дәл осы маусымды басшылық құрбан етуі де мүмкін. </span>
<span>Бапкер мәселесіне келсек, ойыншылар оны орнынан кетіру үшін жеңіліп жүр деп айтуға болмас. Бұл жерде бәрін басшылық шешеді. Негізі, «Ертіспен» болатын келесі ойын көп мәселені анықтап бермек. Жеңілсе, бұл бапкермен болашақ жоқ деген сөз. </span>
<span>Команданың құрамы әр матчта өзгере берсе, оң нәтиже күтудің қажеті жоқ. Бір-бірін алаңда түсіне алмай дал болады футболшылар. Оның үстіне, қиын сәтте алға жетелейтін көшбасшы футболшы жоқтың қасы. Исаэль, Аршавин секілді. </span>