Чемпиондар лигасы 2019/2020: Топтық кезеңде ойнайтын 15 команда белгілі
Аустрия чемпионы «Ред Булл Зальцбург» Чемпиондар лигасы 2019/2020 маусымының топтық кезеңінде ойнайтын 15-ші команда болып тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Зальцбургтік команда атақты турнирде 25 жылдан кейін ойнағалы тұр.
«Ред Булл Зальцбургтен» басқа Чемпиондар лигасы 2019/2020 маусымының топтық кезеңінде ойнауға «Барселона», «Атлетико», «Реал" Мадрид», «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Челси», «Тоттенхэм», «Ювентус», «Наполи», «Бавария», «Боруссия Дортмунд», «РБ Лейпциг», «Пари Сен-Жермен» және «Зенит» клубтары мүмкіндік алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или