Футболдан дәрігерлер арасында республикалық турнир өтті

Футболдан дәрігерлер арасында республикалық турнир өтті

Ақтөбеде «Нобел АФФ» мұрындық болуымен футболдан дәрігерлер арасында республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жарысқа еліміздің 16 аймағынан 300-ге жуық медицина қызметкерлері қатысты. Әр матч көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсерлер сыйлады. Сайысқа қатысушылар жан алысып, жан берісті, сары қағаз бен қызыл қағаздан, түрлі жарақаттардан ешкім айналып өтпеді.

Әр команданың бойынан жеңіске деген құштарлық байқалды. Алайда, біреуінің бабы келіссе де, бағы жанбады. Екінші жыл қатарынан Алматы құрамасы топ жарды. Екінші орынды Қарағанды облысының командасы иеленді. Үздік үштікті ШҚО құрамасы қорытындылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или