Әлем футболы

Ресми: Робин ван Перси мансабын аяқтады

Ресми: Робин ван Перси мансабын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Голландия чемпионатының 34-туры аясында «Фейеноорд» өз алаңында «Ден Хааг» клубынан 0:2 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл матч - Робин ван Перси ойнаған соңғы кездесу. Ойыншы ресми түрде өзінің кәсіпқой футболдағы мансабын аяқтады.

Нидерландылық футболшы «Фейеноорд», «Арсенал», «Манчестер Юнайтед» және «Фенербахче» клубтарында өнер көрсеткен. Робин ван Перси клубтық мансабында барлығы 432 матчқа қатысып, 204 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер