Алексей Шпилевский: Құдай қолдамай жүр

Алексей Шпилевский: Құдай қолдамай жүр

«Қайрат» бапкері кезекті жеңілістен кейін, тағы бір сылтау тапты.  

- Мен бүгін осы жерде жеңімпаз ретінде отыруды қанша армандасам да, болмады. Жеңіске деген команданың ынтасы көрініп тұр. Қарсыластың бүгінгі футболына қарсы қару табу қиын. Оларға стандартты жағдайлар мен тағы біреулер көмектесті. Доп жоғалтқаннан кейін, оны жылдам қайтаруға тырысу керектігін жігіттерге ескертіп айтқам. Оның үстіне, қорғаныста тығыз ойнайтын командаға қарсы шеберлік көрсету де оңай емес. Әлі, әрбір сәтті бүге-шүгесіне дейін зерттемедім, бірақ ашуым келіп отырғанын жасырмаймын. Білмеймін, қазірге Құдай біздің жақта емес. Біз өз футболымызға деген сенімді жоғалтпай, тынбай еңбектену керек. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или