Келесі маусымда тағы бір қазақстандық футболшы Ресейдің Премьер-лигасында ойнайды
Қазақстандық футболшы Акмаль Бахтияров өнер көрсететін «Сочи» клубы Ресейдің жоғарғы лигасына жолдама алды.
<span>«Сочи» биыл Ресейдің ұлттық футбол лигасында өзге командалардан оқ бойы озық болып, 36 турдың қорытындысы бойынша Премьер-лигаға жолдама алды. Осылайша, Акмаль Бахтияровтың командасы тарихында алғаш рет Премьер-лигада бақ сынайтын болады. </span>
<span>Айта кетейік, «Қайраттың» түлегі Акмаль Бахтияров «Сочи» командасына осы қыста ауысып келген болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или