«Манчестер Юнайтед» де Лигті тез салмақ қосады деп сатып алудан бас тартқан

«Манчестер Юнайтед» де Лигті тез салмақ қосады деп сатып алудан бас тартқан

«Манчестер Юнайтедтің» басшылығы «Аякстың» қорғаушысы Матейс де Лигті өткен жылы сатып алғысы келген.

«Қызыл сойқандар» дарынды футболшы үшін 70 миллион еуро беруге дайын болған. Алайда «МЮ-дің» скауты Марсель Буту де Лигт әкесі секілді тез салмақ қосатынын алға тартып, оны сатып алудан бас тартқан.

Айта кетейік, Матейс де Лигт биылғы маусымда «Аякстың» сапында 53 матчқа қатысып 7 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанған. Оған «Ювентус», «Бавария», «Барселона» қызығушылық танытып отыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или