Бұрынғы қазақстандық футболшы Мәскеуде соққыға жығылды

Бұрынғы қазақстандық футболшы Мәскеуде соққыға жығылды

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Глеб Мальцевті Подмосковьеде белгісіз біреулер соққыға жыққан, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

31 жастағы спортшы екі күн бұрын белгісіз біреулермен жаға жыртысып қалған. Нәтижесінде Глеб Мальцев бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, Глеб Мальцев мансабын 2014 жылы аяқтаған. Қазақстандық «Ертіс», «Ордабасы» және «Есіл-Богатырь» командаларында доп тепкен. Ұлттық құраманың сапында үш матч өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или