Бұрынғы қазақстандық футболшыны Мәскеудің жанында соққыға жықты
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Глеб Мальцевті Подмосковьеде белгісіз біреулер соққының астына алған.
31 жастағы спортшы Жеңіс күні белгісіз біреулермен жаға жыртысып қалған. Нәтижесінде Глеб Мальцев бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Айта кетейік, Глеб Мальцев мансабын 2014 жылы аяқтаған. Қазақстандық «Ертіс», «Ордабасы» және «Есіл-Богатырь» командаларында доп тепкен. Ұлттық құраманың сапында үш матч өткізген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или