Қазақстандық клубтар еурокубокқа жорықты «еленгендер» тізімінде бастайды
Еурододаның іріктеуі кезеңіне жолдама алған қазақстандық төрт ұжым «еленгендер» тізіміне енді.
Ел чемпионы «Астана» Чемпиондар лигасына жорығын бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. Елордалық ұжымның қоржынында 27.500 ұпай бар.
Қазақстан Кубогының иегері «Қайрат» (5.000 ұпай), «Тобыл» (3.850) және «Ордабасы» (3.850) Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «еленгендер» тізіміне енді.
Айта кетейік, Чемпиондар және Еуропа лигасының жеребе тарту рәсімі 18/19 маусым күні өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или