«Барселона» жедел жиналыс өткізіп, Вальверденің тағдырын шешеді

«Барселона» жедел жиналыс өткізіп, Вальверденің тағдырын шешеді

«Барселона» Чемпиондар лигасынан ұшып кеткеннен кейін клуб басшылығы жедел түрде жиналыс өткізбек, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ESPN-ге сілтеме жасап.

Басылымның ақпараты бойынша, бұл жиналыста бас бапкер Эрнесто Вальверденің клубтағы тағдыры шешіледі. Вальвердемен бірге каталониялықтар қатарынан екі жыл бойы Чемпиондар лигасының плэй-офф кезеңінде үш доп басымдығын сақтай алмай, ұшып кетті.

Клуб басшылығы нақты шешім қабылдауға асықпайды, себебі маманды ауыстыра алатын бапкерді әлі таппады.

Сонымен қатар, бұл жиналыста осы маусымда көңілден шықпаған ойыншыларды сату мәселесі де көтеріледі. Бірінші кезекте жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньо командадан кетуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или