Дмитрий Селюк: Шпилевскийге қызметінен кету керек

Дмитрий Селюк: Шпилевскийге қызметінен кету керек

Алматылық «Қайрат» Қазақстан кубогында қостанайлық «Тобылдан» ірі есеппен жеңілген соң футбол агенті Дмитрий Селюк жас бапкер Алексей Шпилевскийді сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Агент өзінің твиттерінде бапкер қызметінен кетеді деп үміттенетінін жазды.

«Қайрат» - «Тобыл» - 1:5. Газзаев Алматыда Шпилевскийді (Мамсикті) екі рет қорлады. Сұрақ: Мамсикте ер адамның абыройы бар ма? Өз біліксіздігінің кесірінен «Қайрат» секілді ұлы клубқа зиян келтірмей, жанкүйерлерді масқара қылмай қызметінен кетуі қажет», - деп жазды агент.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Тобыл» Алматыда қатарынан екі рет кездескен болатын. Чемпионат аясындағы ойында қостанайлықтар алматылықтарды 1:0 есебімен ұтса, Кубокта 5:1 есебімен тас-талқан етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или