Меркель командасымен келісімшартты ұзартты

Меркель командасымен келісімшартты ұзартты

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Александр Меркель нидерландық «Хераклес» командасының намысын кемі тағы бір жыл қорғайды.

Жаңа келісімшарт мерзімі 2020 жылдың жазына дейін. 27 жастағы футболшы командаға осы маусымның басында қосылған еді. Бүгінгі таңда Нидерланды біріншілігінде 30 ойын өткізіп, 2 нәтижелі пас авторы атанды. Ал, командасы келесі маусымда Еуропа лигасына жолдама алу үшін таласып жатыр. Бесінші сатыдағы «Утрехттен» 2 ұпай қалып тұр. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или