Газзаев: Ешкімді де бөліп-жармаймын
Алматыда атой салған «Тобылдың» бас бапкері Владимир Газзаев Қайратпен(5:1) болған ойыннан кейін журналистерге сұқбат берді.
- Бізге қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерді жарқын жеңіспен құттықтаймын. Ойынға тыңғылықты дайындалдық. Соның жемісі - бүгін сенімді жеңіс деп білемін. <span>«Қайраттың» алғашқы он минутта белсенді ойнайтынын білдік. Соған шыдап бердік. Позициялық шабуыл кезінде, қарсы шабуыл кезінде қалай ойнау керектігін бүге-шүгесіне дейін жоспарлағанбыз. Қарсыластың осал тұстарын керемет пайдаландық. </span>
<span>Мен барлығын да негізгі құрамның футболшыларыдеп есептеймін. Бүгін кім матчқа дайын, сол шығады. Тұрысбек енді бабына келді. Сондықтан негізгі құрамнан орын алды. Артқан үмітті Бауыржан толығымен ақтады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или