«Тобыл» «Қайратты» қарсылас құрлы көрмеді

«Тобыл» «Қайратты» қарсылас құрлы көрмеді

Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалында қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда алматылық «Қайратты» тас-талқан етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтың басында Бауыржан Тұрысбек алыстан жойқын соққы бағыттап, күтпеген жерден есеп ашты. Бірінші таймның ортасында Максим Федин қақпашы Владимир Плотниковпен бірге-бір шығып, өз мүмкіндігін жібермеді. Ал командалар үзіліске кетердің алдында Михаил Гордейчук оң қанаттан бірнеше қорғаушыдан сытылып өтіп, «Қайраттың» қақпасына үшінші голды соқты.

Қостанайлықтар екінші таймда да тоқтап қалмады. 59-минутта Исламбек Қуат допты өз қақпасына тоғытып алды. Ал 86-минутта Азат Нұрғалиев өз командасының бесінші голын соқты.

Кездесудің нүктесін алматылықтар қойды. Қосымша уақытта Самат Сәрсенов алаң иелерінің жалғыз голын салды.

Қазақстан кубогы. Ширек финал

«Қайрат» - «Тобыл» 1:5 (0:3)

Голдар: Сәрсенов 90+1 – Тұрысбек 13, Федин 25, Гордейчук 44, Қуат автогол 59, Нұрғалиев 86

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или