АПЛ-дің «Жыл үздігі» атануы мүмкін ойыншылар мен бапкерлер

АПЛ-дің «Жыл үздігі» атануы мүмкін ойыншылар мен бапкерлер

Англия Премьер лигасының ресми сайтында маусымның үздік ойыншысы атағына үміткерлердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жыл үздігі атанудан Серхио Агуэро, Бернарду Силва, Рахим Стерлинг (бәрі — «Манчестер Сити»), Садио Мане, Мохамед Салах, Вирджил ван Дейк (бәрі — «Ливерпуль») және Эден Азар («Челси») үмітті.

Жеңімпаз жанкүйерлер, АПЛ-дегі 20 клубтың капитандары және футбол сарапшыларының дауыс беруі арқылы анықталады.

Ал жылдың үздік бапкері атануға мына жаттықтырушылардың мүмкіндігі бар:

Пеп Гвардиола (Манчестер Сити);<br />Юрген Клопп (Ливерпуль);<br />Маурисио Почеттино (Тоттенхэм);<br />Нуну Эшпириту Санту (Вулверхэмптон). 

Айта кетейік, дауыс беру 9 мамырға дейін жалғасады, ал жеңімпаздың есімі 14 мамырда жарияланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или