Сламбеков шетелдік клуб сапында дубль жасады

Сламбеков шетелдік клуб сапында дубль жасады

Литвалық «Стумбрас» сапында өнер көрсететін қазақстандық футболшы Демият Сламбеков дубль құрамдарының матчында екі гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

Чемпионаттың 7-туры аясында «Стумбрас Б» өз алаңында <span>«Ритерай Б» командасын қабылдаған. Матч алаң иелерінің пайдасына 4:0 есебімен аяқталды. 22 жастағы Сламбеков 30 және 90-минуттарда гол соқты. </span>

<span>Естеріңізге сала кетсек, Сламбековтың соңғы клубы талдықорғандық «Жетісу» болған. Бірақ жартылай қорғаушы тек жастар командасында ғана ойнады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или