Сұлтан Әбілғазы: Командаға көмектесуге әр уақытта дайынмын
«Тобылдың» жас қорғаушысы «Қайрат» - «Тобыл» кездесуінен соң шағын сұхбат берді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
- Матчтан алған әсерің қандай?
- Әуелі, бізді қолдап-қолпаштай келген жанкүйерлерге алғыс. Олар үйдегі ойындағыдай керемет атмосфераны сездірді.

- Ойын басталған соң бірден алаңға шығу сен үшін күтпеген жаңалық болған шығар?

- Бәлкім, дегенмен командаға көмектесуге әр уақытта дайын едім. Қосалқы құрамда отырған кез келгені солай. Әріптесім Виктор Дмитренконың жарақат алып қалғаны өкінішті. Оның тезірек сауығып кетуіне тілектеспін.

- «Қайраттың» қарқыны қалай? Кубок бәсекесінде жеңуге бола ма?

- «Қайрат» мықты ойыншылардан құралған әлеуетті команда. Кубок ойыны оңайға түспесі анық. Тыңғылықты дайындалып, жеңіске ұмтыламыз