Сәуір айының үздік ойыншысы мен бас бапкері таңдалды
ҚКФЛ сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысын таңдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
Сауалнама нәтижелері келесідей:
Сәуір айының ең үздік ойыншысы - Азат Нұрғалиев, «Тобыл»
Сәуір айының ең үздік бас бапкері - Роман Григорчук, «Астана»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или