Бауыржан Исламхан Кубок ойынына қатысады

Бауыржан Исламхан Кубок ойынына қатысады

Биыл жасыл алаңнан көрінбеген «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан жақын арада қатарға оралады.

Бұл туралы «Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский мәлімдеді.

«Исламхан сәрсенбі күні өтетін кубок ойынына қатысады. Бәрі оның алаңға оралуын күтіп жүр», - деді бапкер.

Бауыржан Исламхан Германияның Кельн қаласында сәтті ота жасатты. Енді алдағы бір-екі аптада алаңға оралады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, «Қайрат» биылғы маусымды Бауыржан Исламхансыз бастады. Команда капитаны жарақатына байланысты ел біріншілігінің 7 турын өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или