Моуринью «Селтикті» тізгіндеуі мүмкін
Танымал португал маманы Жозе Моуринью шотландиялық «Селтик» клубының тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sky Sport Italia басылымына сілтеме жасап.
<span>Шотландиялық клубтың басшылығы 56 жастағы жаттықтырушыға ұсыныс дайындау үстінде. </span>
- Егер Томас Тухель ПСЖ-да қалса Моуринью <span>«</span>Селтикпен<span>» келіссөз жүргізеді</span>, - деді Жозе Моуриньюдің агенті Жорже Мендеш.
Айта кетейік, жақында «Манчестер Юнайтедтің» тізгінінен кеткен Жозе Моуриньюға ПСЖ мен <span>«Рома» командалары қызығушылық танытқан еді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или