Зенев «Шахтерге» бір ұпай алып келді

Зенев «Шахтерге» бір ұпай алып келді

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 9-турында «Оқжетпес» пен «Шахтер» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Көкшетаудағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Екінші таймда Дарко Зорич есепті ашқан. 73-минутта Сергей Зеневтің голымен «Шахтер» есепті теңестірді. Төрт минуттан Алмейда гол соғып, көкшетаулықтар қайта алға шықты. Бірақ матч соңына қарай Зенев тағы бір гол соғып, «кеншілерге» бір ұпай сыйлады.

Осылайша, 9 турдан соң екі командада да 11 ұпайдан бар.

Голдар: Зорич 58, Алмейда 77 – Зенев 73, 84

5 мамыр, Көкшетау, «Оқжетпес»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или