Бірінші лига ойындарын көруге 3400 жанкүйер жиналды

Бірінші лига ойындарын көруге 3400 жанкүйер жиналды

Бірінші лиганың бесінші туры аясында өткен жеті ойынды алаң жиегінен 3400 көрермен тамашалады.

Орта есеппен айтқанда әр матчты тамашалауға 485 жанкүйер жиналды деген сөз.

Турдағы ең көп жанкүйер жинаған матч «Алтай» мен «Жетісу Б» (1:1) арасында өтті. Бұл ойынға 1800 көрермен келді. Ал ең аз көрсеткіш «Академия Оңтүстік» - «Каспий» (0:2) кездесуінде тіркелді. Бұл ойынға бар болғаны 100 жанкүйер келген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или