ҚПЛ. Алматыда алыптар арпалысын күтеміз
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 9-тур ойындары мамырдың 5-і күні өтеді. Турнир көшін бастап тұрған «Астана» басы даудан арылмаған «Ертісті» қабылдайды. Алматыда «Қайрат» қостанайлық «Тобылды» қабылдап, "жанына жақын" екінші орынына оралуға тырысып көрмек.
«Оқжетпес» - «Шахтёр»
Көкшетауда құдай қосқан көршілер алаңда жолығады. Бұлардың ұпайы да бір. Тіпті, маусым барысындағы тағдырлары да ұқсас. Екі ұжымның да алғашқы турларда жолдары болмай қойды. Маусым ашылған күні-ақ ірі жеңіліс құшты. Бір ай көрінгенге жем болды да, сәуір айынан бастап көш түзеп, ес жия бастады. Және өткен турда екеуі де қарсыластарын тас-талқан етті. Қарағандылықтар қонаққа келген «Ақтөбе» қақпасына жауапсыз үш доп тоғытты. «Оқжетпес» Таразда жергілікті команданы 6:2 есебімен жеңді. «Кеншілердің» қонақта кіммен болсың терезесі тең ойнайтынын ескерсек, үш ұпайды олжалау «Оқжетпеске» оңай болмайды. Оның үстіне, көкшеліктер өз алаңында «Ертістен» басқа ешкімді жеңбеген.
«Жетісу» - «Тараз»
«Жетісуға» үштіктің қатарына көтерілетін тамаша мүмкіндік туып тұр. Ол үшін «Таразды» жеңіп, «Қайратпен» болатын ойында «Тобылдың» тілеуін тілеуге тиіс. Соңғы кездесуде өз қақпаларынан алты доп алып шыққан жамбылдықтар «Жетісу» шабуылына төтеп бере алмас. Вахид Масудов жігіттері қандай жолмен Талдықорғаннан ұпай аларын түсіну қиын. Алға ұмтылса қорғанысын ұмытатын «Ақтөбе» емес Огай командасы. Керімжанов пен Қуантаев бастаған қорғаныс шебінен саңылау табу қиын. Өткен айдың басында «Ордабасының» Шымкентте бұл команданың қақпасына гол соққаны бар. Содан бері төрт ойын өтті. «Жетісу» доп өткізіп, өкініп көрген жоқ.
«Ордабасы» - «Атырау»
Қарсыласпен тең түсуді соңғы кездері «Ордабасы» әдетке айналдырды. Апта ортасында Қостанайдан бір ұпай алып келді. Оның алдында «Қайратпен» кім мықтыны анықтай алмады. Жеңістің не екенін еске түсіріп, жанкүйерлерді қуантатын уақыт келген секілді. Шымкенттіктер осы маусымда өз алаңында бірде-бір гол өткізбесе, «мұнайшылар» қонақтағы соңғы үш матчында қақпа кілтін таба алмапты. Қонақтарға жақында бапкер ауыстырғаны көмектесуі тиіс. Алайда, команда ойыныңа бірден оң нәтиже әкеле қоймас.
«Қайрат» - «Тобыл»
Чемпионаттың екінші және үшінші орындарына жайғасып тұрған командалар кездеседі. Тек, алматылықтардың ғана емес, «Тобылдың» да жолы болмай жүр соңғы кездері. «Астана» мен «Ордабасы» Газзаев жігіттерінің қарқынын бәсеңдетті. «Қайрат» үш күн бұрын Қызылордада жеңіліп қалды. Қос команданың жеңісті аңсап тұрған шағы. Алаң иелері осы маусымда бірде-бір басты қарсыласын тізе бүктіріп көрмеді. «Тобылмен» ойыны қалай болмақ? Қонақтардың «Қайратқа» көптен бері тіс қайрап жүргені белгілі. Алматыда гол соғалмай ақ тер, көк терге түседі. Әйткенмен, бұл матчта бір ұпайды да қанағат тұтуы мүмкін. Ал, «Қайрат» жеңіске жетпесе алматылық жанкүйерлердің бас бапкерге наразылығы арта түспек. Онсыз да Шпилиевскийдің тағдыры қыл үстінде.
«Ақтөбе» - «Қайсар»
«Қобыланды батыр» стадионына қайта оралған «Ақтөбе» жанкүйерлері алдында ұятқа қалмауға тырысады. Қызу қолдауға ие болса да алдында «Таразға» есе жіберіп қойғаны бар. Әйткенмен, «Қайсар» да өліспей беріспейді. Младеновтың мақтаулы шәкірттеріне кімді, қайда шалып құлатудың айырмашылы жоқ. Сен тұр, мен атайын дейтін жігіттер. «Астана» мен «Қайратқа» иілмеген команда үшін, дәл бүгінгі «Ақтөбе» қорқынышты ма?
«Астана» - «Ертіс»
Димитровтан біржола құтылып тынды «Ертіс». Дарабаев та павлодарлық клубпен болашағын байланыстырғысы келмейтінін көрсетті. Бұлыңғыр болашақ деген осы. Өткен жылы әупірімдеп жүріп Премьер-лигада қалған «Ертістің» биыл Бірінші лигаға түсіп қалудан қалай аман қалады? Сұрақ көп, жауап жоқтың қасы. «Астанамен» болатын ойында қарсыластың үш ұпайды қанжығаға байлауына кедергі жасай қоймас. Турдағы болжауға ең оңай матч осы десек, артық айтпаспыз.