Кабананга «Астананың» тарихындағы үздік ассистенттер тізіміне енді

Кабананга «Астананың» тарихындағы үздік ассистенттер тізіміне енді

«Астана» Премьер-Лиганың 8-ші туры аясында «Атырау» қақпасына жауапсыз үш гол соқты.

Осы үш голдың біреуінде Жуниор Кабананга командалас әріптесі Серікжан Мужиковқа нәтижелі пас берді. Ал елорда командасының жартылай қорғаушысы батыс-қазақстандық команда қақпасына тамаша гол соққан болатын.

Бұл Жуниордың «Астана» жейдесіндегі 13-ші нәтижелі пасы ретінде тіркеліп, осылайша конголық шабуылшы клуб тарихындағы ТОП-10 ассист тізіміне енді. Бұл көрсеткіш бойынша 51 нәтижелі пас берген Фокси Кетевоама үздіктер көшін бастап тұр.

Қазіргі құрамынан үздік ондықта Дмитрий Шомко (37), Марин Томасов (32), Серікжан Мужиков (28), Абзал Бейсебеков (17) және Роман Муртазаев (17) бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или