«Ақтөбеден» трансферлік бан алынбады

«Ақтөбеден» трансферлік бан алынбады

«Ақтөбе»<span> </span>футбол клубы не үшін трансферлік шектеу қойылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

ҚПЛ клубтары жаңа ойыншыларды тіркеуге арналған трансферлік «терезе» бір ай бұрын жабылып қалған еді. Бірақ ФИФА-ның регламенті бойынша «Ақтөбе» командаға жаңа ойыншыларды қосуға тыйым алынып тасталған жағдайда трансферлік кезең аяқталғаннан кейін бір айдың ішінде еркін агент статусы бар ойыншыларды команда құрамына енгізе алатын еді. Бірақ, бұл жағдай орын алмады.

Енді ақтөбеліктер жазға дейін құрамында бар ойыншылармен ғана ойнай алады. Келесі трансферлік кезең маусым айының соңында ашылады. Әзірге нақты күні белгіленбеген. Қарыздардың көп бөлігі төленгенімен, ФИФА-ның клубқа трансферлік шектеу қоюның басты себебі македониялық футболшы Муарем Муарем заңсыз қуылуында екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или