«Астана» жанкүйерлері сәуір айының үздік ойыншысы анықтады
«Астана» футбол клубы сәуір айында Премьер-Лигада бес және Қазақстан Кубогы аясында бір ойын өткізді.
Роман Григорчук шәкірттері осы алты кездесудің төртеуінде жеңіске жетіп, 9 гол соқты.
Осы кездесулердегі ең нәтижелі ойыншы Дорин Ротариу. Оның еншісінде үш гол бар. Румыниялық ойыншы «Атырау», «Қайрат» және «Ордабасы» командаларының қақпасына гол соққан.
Вконтакте желісіндегі клубтың ресми парақшасында жүргізілген сауалнамада жанкүйерлердің басым дауысына ие болған Дорин, сәуір айының үздік ойыншысы атанды.
Екінші орында Марин Томасов. Хорватиялық жартылай қорғаушы қазіргі таңда команданың гол+пас жүйесі бойынша үздігі. Марин сәуір айында бір гол соғып, екі нәтижелі пасты еншісіне жазған.
Дауыс беру қорытындысы бойынша үздік үштікті Ненад Эрич қорытындылады. «Астана» капитаны осы алты кездесудің екеуінде қақпасын «құрғақ» сақтап қалған.
Үздік бестік:
1.Дорин Ротариу36,91%
2.Марин Томасов 19,82%
3.Ненад Эрич 13,51%
4.Абзал Бейсебеков 8,49%
5.Жуниор Кабананга 8%