«Ертіс» Димитровты еліне қайтармақ

«Ертіс» Димитровты еліне қайтармақ

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының бас бапкері Димитар Димитров Қазақстанда қалмайтын секілді, деп жазады Prosports.kz. 

Кеше ғана «Ертіс» клубының басшылары болгариялық маманнан құтылғысы келіп отырғаны жайлы ақпарат шыққан еді. Ал бүгін білікті бапкерге өз елінен ұсыныс түскені жайлы айтылып жатыр. Анықырақ айтқанда, «Левски» командасы оған клубтың спорттық директоры болуға ұсыныс жасаған. 

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәліметтерге сүйенсек,  павлодарлық клуб басшылығы Димитровты бас бапкерліктен алып тастауға тырысуда. Ал маманның өзі командадағы жұмысын жалғастырғысы келеді.  

Димитар Димитров осы аптада Премьер лиганың 8-ші туры аясында өткен «Жетісуға» қарсы матчқа келген жоқ. Тіпті команданың жаттығу жұмысына да қатыспаған. Ақпарат көздерінің дерегіне сенсек, қала әкімі оның стадион аумағына кіруіне тыйым салған көрінеді.

«Жетісумен» ойыннан кейінгі баспасөз жиынында бас бапкердің міндетін атқарушы Андрей Ненашев бас бапкердің айналасындағы сұрақтарға жауап бере алмады. 

Қысқасы, бір кездері <span>«Ертіс» командасымен жақсы нәтижеге жеткен болгариялық маман клуб басшылығына ұнамай қалған секілді. Өткен жылы маусым ортасында келіп, команданы Премьер лигада алып қалған еді. Ал биыл «Ертістің» нәтижесі көңіл көншітпейді. Бұндай жағдайда бапкердің қызметтен қуылатыны белгілі. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или