Еуропа лигасының жартылай финалдық матчтары өтті
Еуропа лигасы жартылай финалының алғашқы ойындары өтті, деп жазады Prosports.kz.
Лондонда жергілікті «Арсенал» испаниялық «Валенсияны» қабылдаған. Есепті алғаш болып қонақтар ашқанымен, алаң иелері <span>3:1 есебімен </span>сенімді жеңіске жетті.
Англиялық команда сапынан Александр Ляказетттың қос голына Пьер-Эмерик Обамеянг үшінші голмен үн қатты. Ал қонақтар сапынан жалғыз голды Муктар Дьякаби соқты.
1/2 финалдық матчтың екінші жұбында «Айнтрахт» пен «Челси» кездесті.
«Коммерцбанк-Арена» стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Лука Йович, ал қонақтар тарапынан Педро Родригес көзге түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или