Бауыржан Тұрысбек: Соғылмаған пенальти есеңгіретіп тастады
«Тобыл» клубының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек «Ордабасымен» өткен ойын туралы пікір білдірді.
- Ойын оңайға түспеді. Бірінші таймда өте жақсы сәттер болды. Оны голға айналдыра алмадық. Соғылмаған пенальти есеңгіретіп тастады. Екінші таймда команда жинақы өнер көрсете алды. Ойын өте маңызды болды. «Астанамен» ойында біз ұпай жоғалттық және осы шығынды толықтыру маңызды еді.
Тағы бір маңызды сәт Дима Мирошниченкоға қолдау көрсету үшін барлық команданың ойынға деген ықыласы. Барлығы оған өте уайымдайды, Димаға денсаулық тілейміз.
Жалпы, ойын қызықты болды және біз өте жақсы ойын көрсеттік. Өкінішке қарай, ойламаған жерден гол кіргізіп алдық. Бұл өте өкінішті!, - деді Бауыржан Тұрысбек.