Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы әлемдік жарыста бақ сынайды

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы әлемдік жарыста бақ сынайды

Испанияның Салоу қаласында 9-12 мамыр күндері World Beach Games жарысының іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстан құрамасы алғашқы матчын 9 мамыр күні Португалияға қарсы өткізеді. Ал келесі кезеңге өтсе Швейцария-Германия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Әлемдік жағажай ойындары жарысының финалдық кезең АҚШ-тың Сан-Диего қаласында қазан айында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы өткен жылы Еуролигада үшінші орын алып, World Beach Games жарысының іріктеу кезеңі жолдама алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или