Димитар Дмитров кімге ұнамай қалды?

Димитар Дмитров кімге ұнамай қалды?

Болгар бапкерінің басынан бақ тайды. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, облыс әкімі Димитровты стадионға кіргізбеуді бұйырған екен. 

Кеше «Жетісуға»(0:3) қарсы кездесуден кейін, бас бапкердің қызметін уақытша атқарып жүрген Андрей Ненашев Димитар Дмитровты ешкім клубтан қумағанын мәлімдеген еді. Ал, кейбір ресми баспасөздердің хабарлауынша, болгар бапкерінен облыс әкімінің өзі мезі болған көрінеді. Облыс басшысы болгар маманын стадионға кіргізбеуді күзет қызметіне мықтап бұйырыпты. 

Еске сала кетеййік, «Ертіс» пен Димитар Дмитров арасындағы келісімшарт әлі күшін жойған жоқ. Клуб басшылығы бапкерді жұмыстан босатуы үшін, қомақты қаржы төлеуге тиіс. Ал, Дмитров өз еркімен орнын босатуға ниетті емес. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или