ҚПЛ. Қуғыншылар сыйы

ҚПЛ. Қуғыншылар сыйы

Голды көптеп соғуына командалардың тығыз графикке бой үйретпегендіктерінен болса керек. Өткен турдың матчтары төрт күн бұрын өткен еді. 8-турда соғылған 22 голдың 13-інің алпысыныншы минуттан кейін орын алуы осының айқын дәлелі. Арқаны кеңге салып, апталап демалып үйреніп қалған футболшылардың физикалық дайындықтары екінші таймға жетпей жатты.

Турдың шымылдығы «кеншілердің» ірі жеңісімен ашылды. Негізгі орталық қорғаушыларынан айырылған «Ақтөбе» «Шахтёрға» оңбай ұтылды. Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады дегендей, батыстықтар сапында көзге түсіп жүрген санаулы футболшылардың бірі - Хрвое Милишевич жарақат алып қалды. Кездесудің тағдыры екінші таймда шешілді. Физикалық дайындық нашарлығы осы жерден де көрініс берді. Өткен турда Астанада ойнаған «кеншілер» жол жүріп әуре болған жоқ. Ал, «Ақтөбе» «Таразға» қарсы ойынды өз алаңында өткізгені есімізде. 3:0 есебімен жеңген «Шахтер» қауіпті аймақтан бес ұпайға алыстады. «Ақтөбе» сол «-6» көрсеткішімен әлі соңғы орында.

«Тобылдың» қатысуымен болған ойында тағы да дау болды. Бас қазы Асхат Абданбаев, Газзаев командасына жоқ жерден пенальти алып берді. Абырой болғанда, он бір метрлік нәтиже алып келмеді. Десек те, Қостанайда тартысты ойын өтті. «Тобыл» да, «Ордабасы» да жоғарғы орындарға лайықты екендіктерін көрсетті. Алма-кезек шабуылдар ұйымдастырылды. Үш ұпай олжалауды ғана ойлаған алаң қожайындары жеңіске жақын болған еді. Азат Нұрғалиев бұрынғы командасына гол соғып, жетпісінші минутқа таяу есеп ашқан еді. Шымкент футбол мектебінің түлегі осы маусымда «Ордабасы» қақпасын нәтижелі көздеген алғашқы футболшы болды. Әрине, «Астананы» есепке алмағанда. Бірақ, төреші қосқан қосымша уақытта Тоқтар Жаңғылышбай қонақтарды құтқарып қалды. Бір ұпай «Ордабасыға» да тиімді бола қойған жоқ. Себебі, тур қорытындысы бойынша Цхададзе жігіттері алтыншы орынға бір-ақ сырғыды. Ал,«Тобыл» соңғы екі турда бір ұпай ғана еншілеп отыр. Екінші орыннан түсе қойған жоқ. Чемпион болуға да мүмкіндік бар. Тағы да, сол «Астананы» есепке алмағанда.

ҚПЛ-да сегіз доптың соғылмағы қашан... «Тараздың» шабуылы қаншалықты мықты болса, қорғанысы соншалық шұрық-тесік. Жамбылдықтардың өткен ойындағы үш голы «Ақтөбені» жеңуге көмектесе алса, бұл жолғы соққан қос добы «Оқжетпеспен» болған ойында ірі жеңілістен де құтқарып қала алмады. Алты доп өткізді. Әрине, Пикалкиннің қызыл қағаз алуы да алаң иелері үшін кері әсерін тигізді. Қорғаушы қуылған сәтте есеп 2:3 болып тұрған. Осыдан кейін, онсыз да бір жүйелік жоқ қорғаныс іріп сала берді. Бір қызығы, «көкшеліктер» сапынан ешбір футболшы бір доптан артық соққан жоқ. Чемпионаттың алғашқы бес ойынында бар болғаны бір ұпайды қанағат тұтқан, Андрей Карпович тәлім беретін ұжым ес жиып келеді. «Атырау» мен «Ертістің» ізін ала «Тараз» да тізе бүкті.

«Қайратқа» Қызылордада қиынға соғарын тур алдында айтқан едік. «Қайсар» алыптарды әбден састыратын ұжым. Ел чемпиондары да ұпай жоғалтқан еді «Қайсарға» қарсы ойында. Алматылықтар үшін матч жақсы-ақ басталды. Бірінші таймның ортасында Эппель доп соқты. Үзіліске команда басымдылықпен кетті. Әйткенмен, екінші таймның бірінші жартысы ойынға түбегейлі өзгеріс енгізді. Алаң иелері екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, жеңісті жұлып алды. Команда бесінші орынға көтерілді. Маусым басындағы екі жеңіліс болмағанда «Қайсар» бүгінгі таңда екінші орында тұрар ма еді... «Қайрат» соңғы бес ойында төрт мәрте ұпай жоғалтты. Алтыннан алқа тағуға мүмкіндік берер нәтиже емес бұлар!

Алғашқы турда бір жеңіп, жарқ еткен «Атырау» тур өткен сайын құлдырап барады. «Ақтөбе» чемпионатты «-12» көрсеткішімен бастамағанда «мұнайшылар» соңғы орында тұратын еді. Команда кезекті турда «Астананы» қабылдап, тас-талқан болды. Тығырықтан шығатын жол көрінбейді. Ал, чемпиондардың жағдайы тамаша. Қуғыншылар өздерімен-өздері сүрініп жатыр. «Астана» болса, тағы бір алтынға жүйіткіп барады.

«Жетісу» еурокубокке жолдама беретін орынға келіп жайғасты. Огай жігіттері қонақта «Ертістің» есін шығарды. Ұжымдық түсіністік Димитар Дмитров командасынан мүлде кеткен. Өз алаңында дәрменсіз болды. Болгар бапкерлерінің орын босататын кезі келген секілді. Ал, «Жетісуға» жарайсыңнан басқа айтарымыз жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или