Касильяста жүрек ұстамасы болды

Касильяста жүрек ұстамасы болды

«Портудың» қақпашысы Икер Касильясте жүрек ұстамасы болып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. <br />Marca ақпараты бойынша, 37 жастағы қақпашы сәрсенбідегі жаттығудан соң өзін нашар сезінген. Артынша ол Портудағы ауруханаға жеткізілді. <br />Қазір футболшының жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Енді Касильяс осы маусымда ойнамайды. <br />Айта кетейік, Касильяс «Порту» сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или