Қуаныш Кабдулов: «Астана» футболшылары жеке шеберліктерінің арқасында ойын тағдырын шешіп кетті

Қуаныш Кабдулов: «Астана» футболшылары жеке шеберліктерінің арқасында ойын тағдырын шешіп кетті

«Астана» Премьер-Лиганың 8-ші туры аясында сырт алаңда «Атырау» командасын 3:0 есебімен жеңді. <br />Ойын соңында мұнайшылардың бас бапкері Қуаныш Қабдолов кездесу туралы өз пікірімен бөлісті: <br />- Біздің бұл кездесуге құрған жоспарымызды қарсылас команданың жылдам голы құртып кетті. Әрі қарай «Астана» футболшылары жеке шеберліктерінің арқасында ойын тағдырын шешіп кетті. Біз алаңға тың ойыншыларды шығару арқылы ойынға өзгеріс енгізгіміз келген, алайда шабуылды соңына дейін жеткізе алмадық. Ойын соңында қарымта шабуылдан тағы да гол жіберіп алдық. Қарсылас команданы жеңістерімен құттықтаймын. Алдағы уақытта оларға сәттілік тілеймін!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или