Роман Григорчук: Сырт алаңдағы жеңіс - жақсы нәтиже
«Астана» Премьер-Лиганың 8-ші туры аясында сырт алаңда «Атырау» командасын 3:0 есебімен жеңді. <br />Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук кездесу туралы өз пікірімен бөлісті: <br />- Сырт алаңда 3:0 есебімен жеңіске жеттік. Бұл біз үшін өте жақсы нәтиже. Ойын барысы біздің әлі де көп дүниелерді өзгертіп, еңбектенуді жалғастыру қажеттілігін көрсетті. Алдағы уақытта осы тұрғыда жұмыс жасайтын боламыз. <br />- Қарсылас команда бүгін Сізді таң қалдыра алды ма? <br />- Біз әрбір қарсыласқа қарсы тыңғылықты дайындаламыз және өз ойынымызға баса мән береміз. Қарсылас команда біздің өз ойынымызды алаңда жүргізуге кедергі жасамайтындай ойын үлгісін көрсеткіміз келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или