Күрес

Балуандарымыз Қытайда топ жарды

news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен Қытайдың Сиянь қаласында өткен Азия чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтті аяқ­талды.

Бұлай дейтініміз, Әсет Серікбаев шәкірт­тері құрлықтық додада 5 медаль жеңіп алды. Нұрқожа Қай­панов (70 келі) пен Данияр Қайсанов (74 келі) топ жарса, Саят­бек Оқасов (65 келі) финалдық жекпе-жекте сүрінді. Ал Ғалымжан Өсербаев (79 кило) пен Ерғали Әлішер (97 келі) қола жүлде­герлер қатарында.

Әйелдер құрамасына бұйырғаны – төрт қола медаль. Алдымен Валентина Ис­ла­мова мен Марина Седнева үздік үштікке іліксе, келесі күні Айна Те­міртасова (65 кило) мен Жәмила Бақ­бергенова (65 кило) қола медальға қол жеткізді.

Біріншілікті қорытындылаған грек-рим күресінің өкілдері алтынсыз қалды. 67 килоға дейінгі салмақта финалға шыққан Мейіржан Шермаханбет кореялық Рю Хан Суға 1:5 есебімен жол берді. Ал Қорлан Жақанша (55 келі), Демеу Жадыраев (72 келі), Тамерлан Шадукаев (77 келі), Мақ­сат Ережепов (82 келі), Азамат Құс­тұбаев (87 келі), Дамир Күзембаев (130 келі) қоланы қанағат тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер