Неймар жанкүйерін ұрғаны үшін Бразилия құрамасына шақыртылмайды
Жанкүйерін ұрған ПСЖ-ның шабуылшысы Неймар Бразилия құрамасына шақыртылмауы мүмкін.
<span>O Tempo басылымының хабарлауынша, «Ренн» командасымен Франция кубогы финалының матчынан кейін Неймар жанкүйерін жұдырықпен ұрып жіберген. Осы қылығы үшін 27 жастағы шабуылшы Бразилия құрамасының сапына шеттетіледі. Сондай-ақ Неймар ұлттық құрамадағы капитандық міндетінен айырылады.</span>
<span>Айта кетейік, бұған дейін «Ювентус» клубының ойыншысы Дуглас Коста көрерменге түкіргені үшін Бразилия құрамасына шақыртылмаған еді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или