Неймар жанкүйерін ұрып тастады. Видео
Бразилиялық футболшы Неймар матчтан кейін жанкүйерге шабуыл жасады.
Бұл сәт түсірілген бейне ғаламтрода таралды. Француз клубы <span>«</span>Париж-Сен-Жерменнің<span>»</span> шабуылшысы <span>«</span>Ренн<span>» </span>командасымен Франция кубогы финалының матчынан кейін мінбер арқылы жүреді. Көрермендердің бірі футболшының шамына тиетін сөз айтып айқайлай бастады. Ашуланған спортшы оны бетінен соғып жіберді.
<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/oOpOJee6-k8" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>
Кейінірек жанкүйер Неймардың жеке басына тиетін сөз емес, тек өз ойын айтқанын жеткізді.
- Неймарға нашар ойнағанын айттым. Олар өте нашар ойнады, Верратти мен Буффон өтіп бара жатқанда, мен оларға: - Сендер ешкім емессіңдер. Бұл жерден кетіңдер дедім, - дейді жанкүйер.
Спортшы кінәсін мойындады, бірақ оның орнында кез келген адам солай істейтінін айтты.