«Ақтөбе» «Астанаға»: Жанкүйерлердің махаббаты сатылмайды
Instagram-дағы ресми парақшасында «Ақтөбе» футбол клубы «Астананың» өз алаңында жанкүйерлерді аз жинайтынын сынға салды. Батыстықтар өткен турда «Таразды» қабылдаған еді. Стадионға 11000 жанкүйер жиналды. Ал, ҚПЛ-дың көшбасшылары кездескен «Астана Аренадағы» жергілікті «Астана» мен «Тобыл» арасындағы ойын кешенге 3000 жанкүйер жинады.
«Жанкүйерлердің махаббатын сатып ала алмайсың»-деп жазды «Ақтөбе» ресми парақшасында.
«Астана» футбол клубы Еуропа Лигасында жиналатын 30000 жанкүйердің саны ҚПЛ матчтарында он есе азайып кететіні белгілі. Мысалы, осы маусым басталғалы бері бірде-бір матчта тіпті 4000 жанкүйер де жиналмапты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или