Владимир Газаев: «Бүгінгі ойын бізге әлі де көп еңбектену қажет екендігін көрсетті»

Владимир Газаев: «Бүгінгі ойын бізге әлі де көп еңбектену қажет екендігін көрсетті»

«Астана» - «Тобыл» (2:1) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін қостанайлық команда бас бапкері Владимир Газаевтың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Бүгін біз жеңіске жетуге тиіс ойында, жеңіліп қалдық. Біз тактикалық тұрғыда қарсыласқа допты беріп қою арқылы, екінші нөмірмен ойнаған болатынбыз. Біз қарсылас командаға қарағанда гол соғатын сәттерді өте көп ұйымдастыра алдық. Бірінші голды соққанан кейін, артынша екінші голды соғып, кездесуде жеңіске жетуге болар еді. Дегенмен ол біздің қолымыздан келмеді. Ал қарсылас команда болса, екі голды да стандарттық жағдайдан соғып кетті. Біз бұл стандарттарға өте тиянақты дайындалған болатынбыз. Алайда, ойыншылар қателікке бой алдырып алды. Бүгінгі кездесу тең нәтижемен аяқталғанның өзінде, менің көңілім толмас еді. Одан бөлек, команда құрамында көптеген ойыншылар жарақатына байланысты бізге көмектесе алмады. Дегенмен, алаңда барын салған ойыншыларыма ешқандай сын арта алмаймын. Бүгінгі ойын бізге әлі де көп еңбектену қажет екендігін көрсетті.

- Канкава негізі жартылай қорғаушы. Алайда, бүгін қорғаныстың орталық шебінде ойнады. Неліктен мұндай шешімге бардыңыз?

- Біз Канкаваны маусым басынан бастап осы позицияда ойнатып келеміз. Оның осы позициядағы көрсетіп келе жатқан ойыны мені толықтай қанағаттандырады.

- Бүгінгі кездесуде ойыншылар алмастыруда кешіктім деп ойламайсыз ба?

- Команда қарымта шабуылда өте жақсы ойын көрсетіп жатқандықтан, ештеңе өзгерткім келмеді.

- Жарақат алған ойыншылар қатарға қашан қосылады?

- Дәл қазір нақты ақпарат беру өте қиын. Барлығы медициналық тексерулерден кейін белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или