Роман Григорчук: Команда бүгін тамаша ойын үлгісін көрсетті
«Астана» Премьер-Лиганың 7-ші туры аясында қостанайлық «Тобылға» қарсы ойнап, тартысқа толы кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук журналистердің сұрақтарына жауап берді:
- Командада шабуылшылардан қарағанда, жартылай қорғаушылар мен қорғаушылар көп гол соғуда. Неліктен деп ойлайсыз?
- Голдардың болғаны жақсы. Егер бүгін командам жеңіске жетпеген жағдайда, көңілімнің түсері анық еді. Біз бүгін өзіміз жоспарлағандай ойын үлгісін көрсете алдық. Алайда, шабуылды соңына дейін жеткізетін сәт жетіспей жатты. Менің ойымша, команда бүгінгі кездесудің біршама бөлігінде тамаша ойын үлгісін көрсетті. Біздің командада бүгін алаңда үлкен басымдық болғанымен, өткен ойындардағыдай соғылған голдар жетіспей жатты. Алдағы уақытта шабуыл шебін реттеу үшін көп еңбектену қажет.
- Сіз Премьер-Лиганың алғашқы 16 ойынында бірде бір мәрте жеңілген жоқсыз. Сіздің бапкерлік мансабыңызда осындай ұзақ жеңіліссіз серия болды ма?
- Қуанышқа орай менің еңбек жолымда жақсы сериялар көп болды. Бірден еске түсетіні, менің командама чемпион атану үшін соңғы 11 ойында да жеңіске жету керек болған. Біз осылайша, өз дегенімізге жетіп, чемпион атанған едік.
- Евгений Ловчев команда спорт директоры болады деген қауесет бар. Оның есімі команданың басты бәсекелесі алматылық «Қайратпен» тікелей байланыстырады. Ал бұл жағдай туралы пікіріңіз қандай?
- Мен де осы сыңайдағы ақпаратты естіген болатынмын. Алайда, ол қазір тек алып-қашпа әңгіме ретінде болғандықтан, нақты пікір білдіре алмаймын.