Виктор Кумыков «Атыраумен» қош айтысты

Виктор Кумыков «Атыраумен» қош айтысты

Ресейлік маман Виктор Кумыков «Атырау» клубының тізгінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ел біріншілігінің 7-турынан соң Виктор Кумыков пен <span>«Атырау» клубының басшылығы екі жақтың келісімімен келісімшарттың күшін жойды. Жаңа бас бапкер келгенше «Атырауды» Қуаныш Қабдулов жаттықтыратын болады.</span>

<span>Виктор Кумыков «Атыраудың» тізгінін өткен жылдың шілде айында ұстаған болатын. Ресейлік маманның қол астындағы алғашқы маусымды «Атырау» 9-орында аяқтады. Ал биыл алғашқы 9 кездесуде бар болғаны бір жеңіске жетіп, екі ойында тең түссе, қалған кездесулерде жеңіліс тапқан. Турнир кестесінде 5 ұпаймен 11 сатыға жайғасты.</span>

<span>Айта кетейік, Виктор </span>Кумыков «Спартак Нальчик» (Ресей), «Елімай» (Қазақстан), «Қайсар» (Қазақстан), «Машал» (Өзбекстан), «Насаф» (Өзбекстан), «Шахтер» (Қазақстан), «Ордабасы» (Қазақстан), «Алмалық» (Өзбекстан) командаларының бас бапкері ретінде жұмыс істеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или